Алматы қ. ҚДБ "Медеу ауданы БМСКК Орталығы" КМК
0

   

         

 

 

Жастар денсаулық орталығы

Жастар Денсаулық Орталығы "Денсаулық кілті" 04.09.2023 жылы өз қабырғасында  "Эмили" Жоғарғы медицина колледжінің    жас және белсенді  жастарын  дөнгелек үстелде  көргеніне  қуанышты. Дөнгелек үстел барысында жастар денсаулық орталығы «Денсаулық кілті» мамандары  сіздердің  назарыңызды жоғарғы деңгейде    репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетуге дайын екені жайлы сұхбаттасты. 

Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады:
1. Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
2. Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
3. Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
4. Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық  диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).

ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ:
Қол жетімділік
▸ Міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтер көрсетіледі – ТЕГІН
Еріктілік.
▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін өз еркімен таңдау
Мейрімділік
▸ Орталықта достық пен қолдау атмосферасы орнайды.
Сенім
▸ЖДО қызметкерлері құпия сақтайды, яғни дәрігерге айтқанның бәрі сіздің араңызда қалады!